Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сотта ақталған қазақстандықтар мемлекеттен 1,5 млн теңге өндіріп алды

Сотта ақталған қазақстандықтар мемлекеттен 1,5 млн теңге өндіріп алды

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Сотта ақталып шыққан қазақстандықтар заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылғандары үшін мемлекеттен 1 млн 654 мың 963 теңге өндіріп алды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика мен арнайы есептер комитеті хабарлады.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында тергеу, прокуратура және сот тарапынан заңсыз әрекет салдарынан зиян келтірілген, сотпен ақталып шыққандарға қатысты 9 шешім талқыға салынды. Олардың жетеуі қанағаттандырылды, ал екеуі қабылданбады.

Бас прокуратурада ақтау үкімі шығарылғаннан кейін 9 прокурар тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.  Мәлімет бойынша, 2017 жылы 5 айдың ішінде мемлекеттік айыптаушы қатысқан 26 адам ақталып шыққан.

Президент 2 маусым күні ҚР Бас сот төрағасы Қайрат Мамимен кездесуде: "Егер халық сотқа сенетін болса, оның көмегіне жүгінсе, әділ шешімдер іздесе, және олардың құқықтары қорғалып жатса, тек сол кезде ғана біз мақсатымызға жеттік деп айта аламыз. Алайда дәл қазіргі сәтте олай айта алмаймыз. Өйткені қазір істер, көбінесе полиция, ҰҚК және қаржы полициясының сөздерімен, айыптарымен қаралады. Олардың атқарып жатқан жұмысының барлығы дұрыс болуы мүмкін емес қой? Олардың қателерін жөндеп, істі өздеріне қайтару керек... Бізде егер іс сотқа дейін бармаса, тергеу кезінде тоқтатылса, жұмысың аяқталмағандай есептеледі", - деген болатын.

10 мамыр күні сотта ақталып шыққан алматылық қылмыстық жауапкершілікке заңсыз түрде тартылғаны үшін мемлекеттен жарты млн теңге өндіріп алды. Ер адам тұтқында 283 күн болған. Ол адам өліміне күдікті болған. Алғашқы инстанциялық сот оны 8,5 жылға соттаған, ал аппеляцияда ақталып шықты.

Похожие материалы