Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

SpaceX ғарышқа адам күлін ұшырады

SpaceX ғарышқа адам күлін ұшырады

Алматы. 24 маусым. 7kun.kz — SpaceX ғарышқа Falcon Heavy зымыранын 152 қайтыс болған адамның күлімен мен ғылыми жабдықтармен бірге жібереді. Іске қосу 24 маусымға белгіленген.

Зымыранды ұшыру Space Test Program-2 бағдарламасы аясында, тікелей эфирде өтеді.

Адамның күлін ұшыруды Celestis Memorial Spaceflight ұйымдастырады: қалдықтары бар болат ыдыстар зымыранның бортында ғылыми спутниктердің біріне орналастырылады.

Celestis Memorial Spaceflights компаниясы 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұған дейін компания белгілі актерлердің, сондай-ақ инженерлер мен ғарышкерлердің күлін ғарышқа жіберді.

Бір грамм күлді жөнелту құны 5000 доллардан басталады. Кремациядан кейін адам күлінің салмағы 876-дан 3784 грамға дейін болады. Осылайша, бірадамның күлін ғарышқа жіберу туыстарына 4,3 млн доллардан 18,9 млн долларға дейін түседі.

Похожие материалы