Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

SsangYong Ресейге автокөлік жіберуді тоқтатты

SsangYong Ресейге автокөлік жіберуді тоқтатты

Оңтүстік Кореялық SsangYong компаниясы 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Ресейге машина жіберуді тоқтатты. Оған себеп - рубль курсының төмендеуі. Компания ресейлік валютаның қалпына келмейінше экспортты жаңартпаймыз деп отыр.

SsangYong  автокөліктерінің сатылымы Ресей нарығында 2013 жылы ірі нарық өтімі болатын. Өткен жылы 35,7 мың көліктен 21,2 мың көлікке дейін төмендеп, пайыздық көрсеткіште 41 пайызға түсіп кетті. Бұған Корей көлік өндірушілер қауымдастығы келтірген мәліметтері куә. SsangYong экспорттың орнын Еуропа мен Қытайдағы сатылымдар есебінен толтыруды көздеп отыр.

Еуропалық бизнес Қауымдастығының мәлімдеуінше, 2015 жылдың алғашқы екі айында Ресейде SsangYong көлігінің сатылымы 61 пайызға, яғни 1294 машинаға дейін төмендеген. Ал, жалпы автомобиль нарығы 2015 жылдың ақпан айында өткен жылдағ сол уақыт аралығымен салыстырғанда 37,9 пайызға, 128,2 мың көлікке азайған.

Автомобильге деген сұраныстың күрт азаюының себебі SsangYong автокөлігінің Ресейде өндіруге шектеу болмауынан деп отыр Reuters. Осы маркалы автомоблиьдердің барлығы Оңтүстік Кореяда шығарылады. Сонымен қатар, SsangYong жол талғамайтын көлігі Владивостоктағы «Соллерс» компаниясының зауытында құрастылады.

Естеріңізге сала кетсек, 18 наурыз күні ресейлік нарықтан Opel брендінің және Chevrolet брендінің кейбір модельдерінің шығарылғандығы туралы америкалық General Motors компаниясы хабарлаған болатын. Бұл жағдайдың да орын алуына басты себеп - өндіріс шектеуінің аздығы мен рубль курсының төмендеуі.

 

Похожие материалы