Алматы - жастар қаласы. Колледждер мен мектептерді санамағанда, Алматыда 50-ден астам ЖОО бар. Сәйкесінше, басқа қалаған арман қуып келген студенттер саны да көп. Қарапайым студент қайда тұрады, қанша шәкіртақы алады, тамақтануға, қыдыруға және өзін дамытуға қанша ақша жұмсайды? 7kun "Қанша керек?" айдарында осы тақырыпты зерттеп көрді.
Қайда тұрамын?
Жатақхананың жағдайыОқуға түскен кез келген студент үшін басты мәселе - тұратын жер іздеу. Студенттер алғашқы жылдарда жатақхана алып, студенттер үйінде өмір сүргенді дұрыс санайды. Барлық жағдай жасалмағанымен, бағасы қолжетімді. Жатақхана барлық заттарды ортақ қолдануға, өз бетінше тамақ пісіріп, күнделікті тіршілікті біреудің көмегінсіз атқаруға үйретеді. Әр ЖОО-да жатақханада тұру ақысы әр түрлі. Мысалы, жатақханада тұру үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да айына 8500-10700 теңге көлемінде, ҚызПУ-да жылына 30 мың теңге, ҚазҰТЗУ-да (политех) жылына 31 мың теңге , ал ҚазБСҚА-да жылына 25 мың теңге төлеу керек. Бірақ, жатақханадан орын алу оңай шаруа емес. Сондықтан, студенттер алғашқы курста ғана жатақханада тұрып, кейінгі жылдары пәтерге шығуға немесе туыстарының үйін паналауға мәжбүр.
[caption id="attachment_97576" align="aligncenter" width="950"] Фото: vendetupagina.info[/caption] Пәтер парқы және "жетім бұрыш"Үлкен қалада жақсы, қолжетімді, оқу орнына жақын пәтер табу да қиын. Пәтер иелері көбінесе студенттер қауымымен "достасуды" дұрыс санамайды. Олар мұның себебін пәтер ақысын кешіктіру, пәтерді күтімсіз ұстау, айқай-шудың, отырыстардың көп болуы, пәтерге достарын жиі қондыру сияқты келеңсіздіктер жиі орын алатындықтан деп түсіндіреді. Студенттер де пәтерге жатақханадан қарағанда көбірек төлем жасайтындықтан кір жуғыш машинаның болуына, үйдің жаңа, таза болғанына назар аударады. Қыздар қауымына пәтер табу аса қиынға соқпайды. Ал ер балалар үшін пәтер іздеу ұзақ әрі қиын процесс.
Студенттер жеке өзі пәтер жалдап тұру қалтаға салмақ салатындықтан "жетім бұрыш" дейтін топқа қосылып, бірге тұратын сенімді адамдар іздейді. "Жетім бұрыштың" атауы құлаққа аса жағымды естілмегенімен, атқаратын миссиясы үлкен. 3-4 адам болып бірігіп пәтер жалдайтындардың әрқайсысы шамамен ай сайын 20-30 мың теңге пәтерақы төлейді. Пәтерде тұратын студенттердің шығынын жалғыз шәкіртақымен жабу қиын. Сондықтан, мұндай жағдайда не ата-анаңнан ақша сұрайсың немесе сабақтан бос уақытта қосымша жұмысқа орналасу керексің.
Тамақтануға қанша кетеді? [caption id="attachment_97591" align="aligncenter" width="750"] Фото: Magnum.kz[/caption] "Студенттер үнемі аш жүреді" деген аңыз қазіргі заманға сай емес. Қай асхана, дәмханаға барсаң да, дүкен мен супермаркетте жүрсең де студент жастардың тамақ алуға ақшасы бар екенін, дұрыс тамақтанып жүргенін аңғаруға болады. Студенттер арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша, олар азық-түлік алуға екі аптада бір рет барады екен. Әр барған сайын бір студент шамамен 5 мың теңге жұмсайды. Демк, ай сайын азық-түлік алу үшін 10 мың теңге керек. Себебі, негізгі азық-түлік түрлерін (ет, май, картоп, пияз) ата-аналары жіберіп отырады. Күнделікті нан мен суға кететін шығын тағы бар. Студенттер қауымы шәкіртақының жатақхана мен азық-түліктен, күнделікті шығындардан артылмайтынын, тіпті кейде жетпей қалатынын айтады. Сондықтан, қарапайым студенттің қыдыруға. өзін дамытуға инвестиция құюға мүмкіндігі бола бермейді. Шәкіртақы неге жетеді? Қазір мемлекеттік грантта оқитын студенттердің шәкіртақысы 20750 теңге. Үздік оқитын студенттер жоғары шәкіртақы алады. Оның көлемі 23850 теңге. Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл қаражат студенттердің шығындарын толық жабуға жеткіліксіз. Ал ақылы бөлімде оқитын студенттер мен олардың ата-анасына мүлде қиын. Сондықтан, студенттерге сабақтан тыс уақытта қосымша жұмыс істеп , табыс табуға тура келеді. Есептейік...Сонымен, студентке Алматыда өмір сүру үшін қанша ақша керек? Басқа қаладан келгендер үшін ай сайын тұратын жер үшін 5000-25000 арасында төлем жасауы керек, қала ішінде жүріп-тұруға 5000 теңге, азық-түлік үшін 15000-20000 теңге қажет. Бұл өмір сүрудің минималды көрсеткіштері. Шығындардың қатарына түрлі жағдайларға тап болғанда, ауырып қалғанда, топпен жиналғанда, бір жерге қыдырып барғанда, өзіңді дамыту үшін бөлінетін қаражатқа, туған күн кештері мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарды қоссаңыз, бұл көрсеткіштің едәуір ұлғаятыны тағы белгілі.
Студенттік кезең - ең қызықты, ұмытылмайтын шақ. Адамның жетілетін, қиындықтармен күресіп, олардан шығу жолын өз бетімен шеше бастайтын шақ. Бұл шақты қалай өткізетінің қалтадағы қаражатқа да, ата-анаң мен жақындарыңа да емес, тек өзіңе байланысты.Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024