Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Суицид туралы материалдар қалай жазылуы қажет?

Суицид туралы материалдар қалай жазылуы қажет?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларына байланысты елуден астам зерттеу жүргізіп, БАҚ адамды өз өзіне қол жұмсауға итермелеуі мүмкін деген қорытынды шығарылды. Осы факторды назарға ала отырып халықаралық ұйым журналистерге өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларын жазуға қатысты төмендегідей кеңестер ұсынады.  Суицид туралы сөзді, оқиғаларды бірнеше рет қайталамау керек Суицид туралы сөз тіркестерін материалдың ең көрнекі жерлеріне орналастыру немесе бірнеше рет қайталау адамдардың санасына әсер етіп, психологиялық әлсіз жандарды еріксіз түрде сондай әрекетке баруға итермелеуі мүмкін. Өз-өзіне қол жұмсау туралы оқиғалар газеттің бірінші бетіне немесе ішкі бетіндегі жоғары бөлігіне қарағанда төменгі жағына орналастырған дұрыс. Телевизияда мұндай тақырыптағы сюжеттерді екінші және үшінші үзілістен кейін орналастырып, радио бағдарламаларды да осындай ретпен тарату керек. Суицидтің қалай болғанын толығымен сипаттап бермеу керек Өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген немесе соңы өліммен аяқталған жағдайларда әрбір әдісті толығымен сипаттап беруден бас тарту қажет, ол адамдарды сол актіні қайталауға итермелейді. Мысалы, есірткіні артығымен пайдаланып қайтыс болған өлім туралы жазғанда есірткінің мөлшері мен түрі немесе олардың қалай өндірілетіні туралы ақпараттар жазылмауы қажет. Жалпы суицидтің тым жиі жазылуына да сақтықпен қараған дұрыс. Өлім өзге оқиғаларға қарағанда БАҚ бетінде жиі жариялануы керек маңызы жағдай ретінде қабылдануы мүмкін. Суицид болған орындар туралы да толық ақпараттар беруден қашу керек Көпір, биік ғимараттар, жартас немесе темір жол станциялары мен көш қиылыстарында өз-өзіне қол жұмсау жиі болатындықтан, "суицид орындары" деген атауға ие болған. Сондықтан материал жазғанда суицид болған орындарды толығымен сипаттап немесе ол жерде соған дейін болған суицид саны туралы толық ақпарат бермеген дұрыс. Тақырыпқа мән беру керек Тақырып мүмкіндігінше оқырманның назарын аударатындай жазылғанымен, бірақ тым сенсациялы болмағаны жөн. Тақырыпта «суицид» сөзін пайдаланудан және суицид әдісін тікелей сипаттаудан қашу керек. Фото және видео материалдарды пайдалану кезінде абай болу Суицид болған кадрлері бар фото және видео материалдар, сондай-ақ суицид орындары мен суицид әдістері анық көрсетілетін кадрлер пайдаланылмауы тиіс. Суицид жасаған адамдардың суреті де қолданысқа шықпауы қажет. Егер суреттер болса, туыстарының рұқсатымен ғана жарияланады. Және ол суреттер де көрнекі жерде тұрмауы, белгілі бір адамдарды мадақтау мақсатында қолданылмауы керек. Әрі өлім алдындағы хаты да жарияланбауы қажет. Танымал адамдардың өз-өзін өлтіру оқиғалары да абайлықпен жазылуы керек Танымал адамдардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері - БАҚ-та жариялануға өте тиімді тақырыптардың бірі, қоғамның қызығушылығы үлкен болғандықтан материалдар жиі шығарылады.  Жұлдыздардың суицид әрекеттерін мадақтау, ерлік символы тәрізді көрсетудің нәтижесінде қоғам суцицид әрекеттері дұрыс, кей жағдайда проблеманы шешуші құрал ретінде қабылдауы мүмкін. Сондықтан танымал адамдардың өлім әрекеттері туралы жаңалық бергенде кейбір нюанстарға аса назар аудар керек. Танымал адамдардың, саяси тұлғалардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері туралы материалдар психологиясы әлсіз адамдарға әсер етуі мүмкін.  Суицидті мадақтауға, суицид әдістері туралы толық сипаттауға және оның маңыздылығы туралы пікір қалдыруға болмайды. Суидциттан зардап шеккен адамдарға лайықты назар аудару Суицид салдарынан жақынын жоғалтып, ауыр қайғыға батқан адамдардың да               өз-өздеріне қол жұмсау қаупі жоғары. Олар өте әлсіз, сондықтан жеке бас құпиялылығына құрметпен қарау керек. Қай жерден көмек алуға болатыны туралы ақпарат жариялау Материалдың соңына қай жерден көмек алуға болатыны туралы ақпаратты қосқан дұрыс. Психологиялық көмек беретін ресурстар немесе арнайы  телефон желілер болады. Материалдағы ақпаратқа байланысты депрессияға ұшыраған немесе өз-өзіне зиянын тигізу мүмкін адамдарға ондай ақпараттардың болуы тез арада көмек алуға мүмкіндік береді. Суицид туралы оқиғалар БАҚ өкілдерінің өзіне кері әсер етуі мүмкін Суицид оқиғалары туралы материалдар дайындаған кезде журналистердің жеке өміріне қатысты дәл сондай оқиғаларға әсерін тигізуі мүмкін. Медиа ұйымдардың өзінде арнайы қолдау білдіретін орталықтары болуы, әсіресе, бұл жас журналистер үшін өте қажет.

Ақсәуле ӘБІТАЙ "7"

Похожие материалы