Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сыртқы борыш дегеніміз не?

Сыртқы борыш дегеніміз не?

Сыртқы борыш - шетелдік кредиторлар турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы. Елдің сыртқы борышының болуы орынды әлемдік практика болып саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың артуы қауіпті бола бастайды. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі - елдің Ұлттық банкінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан acпауы тиіс. Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымда тарту кредитор - елдерге экономикалық және саяси тәуелділікке ұрындыруы мүмкін.

Мемлекеттік борыштың мөлшерін салыстырмалы сипаттау үшін әлемдік практикада Халықаралық қайта құру және даму банкі ұсынған арнаулы көрсеткіштер пайдаланылады.

Сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері

Әлемдік практикада мемлекеттік борыштың мөлшерін салыстырмалы сипаттау үшін арнайы көрсеткіш - борышқа қызмет көрсету коэффициенті пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатысы ретінде есептеп шығарылады. Мұндай қатынастың қауіпсіз деңгейі 25 пайыз болып саналады. Бірақ, Қазақстан борышының жоспарлы өсіп отырғанын, ал оның экспортының керісінше төмендеп отырғанын ескерсек ахуалдың нашарлауы мүмкін.

Сыртқы борыштың болуы жасалынған өнімнің бір бөлігін елден тыс жерге берудің қажеттігін білдіреді. Мемлекеттік борыш бойынша пайыздық төлемдердің тез өсу үрдісі бар. Мұндай төлемақылар болашақ экономикалық дамуды тежейді және реципиент-ел бюджетінің тапшылығын ұлғайтады.

Сыртқы борыштың өсуі сонымен қатар реципиент-елдің халықаралық абыройын төмендетеді және ел үкіметінің саясатына халықтың сенімін кетіреді. Ірі және созылмалы тапшылықтардың және мемлекеттік борыштың болуының келеңсіз зардаптары микроэкономикалық тұрақтылықтың бұзылуымен бірігеді. Инвестициялардың «ығыстыру әсерінен» басқа, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша пайыздың жоғары деңгейі шетел капиталын тартады, бірақ қаражаттардың мұндай ағыны сыртқы борыштың өсуін білдіреді. Шетел инвестицияларын отандық бағапы қағаздарға жүмсаудың артықшылығы Ұлттық валютаға сұранымды арттырады және халықаралық валюта рыногында оның бағамының өсуін тудырады. Валюта бағамының артуы экспорттың қымбаттауына және импорттың арзандауына жеткізеді, мұның нәтижесінде экспорт қысқарады, ал импорт артады. Сауда балансы теріс сальдоға саяды. Таза экспорт жиынтық сұранымның компоненті болатындықтан, оның қысқаруы немесе теріс сальдосы Ұлттық өндіріске тежеушілік ықпал жасайды.

Осыған байланысты мемлекеттің өзінің өкілдікті органы арқылы қаралған үдерістерге бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борыштың шегін белгілеу жолымен заңнамалық араласуы бюджет шығыстарының жеке баптары бойынша тиым салу құқығын белгілеуі мүмкін.

1992 жылы бұрынғы КСРО-дан мұра болып қалған Қазақстанның сыртқы борышы 3,2 миллиард АҚШ долларын құрады. 1993 жылдың аяғында Ресей Федерациясымен бұрынғы КСРО-ның сыртқы борышындағы Қазақстанның үлестік борышы мәселесін реттеген «нөлдік нұсқаны» келісімге қол қойылғаннан кейін және берешектің бір бөлігін мемлекеттік борышқа қайта ресімдегеннен кейін Қазақстанның сыртқы борышы 1.9 миллиард. долларды құрады. Бұл борыш экспорттық мүмкіншілігі бар Қазақстан Республикасы үшін көп емес еді. 1995 жылдың аяғында Халықаралық валюта қорынан сатымды ресурстарды қоса жалпы сыртқы борыш 3,09 миллиард. долларды құрады (шамамен ІЖӨ-нің 19%). 1999 жылдың аяғында жалпы сыртқы борыш ең жоғарғы мөлшерге - 8,0 миллиард долларға жетті (ІЖӨ-нің 50,5 %), соның ішінде тура мемлекеттік және Үкімет кепілдендірген сыртқы борыш - 4,0 миллиард доллар, Үкімет кепілдендірген сыртқы борыш - 2,8 миллиард доллар. Ішкі жалпы борыштың жылдық экспортқа қатынасы 115,3%-ды, ал берешекке қызмет ету сомасының экспортқа қатынасы 27,3%-ды, халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы борыш 533,8 долларды құрады. Бұл уақытта сыртқы борыш статистикасында жекеше сектордың борышын, соның ішінде фирмааралық берешекті бөліп көрсету басталды (2 кестені қараңыз).

Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд АҚШ долларында

2010 жылдың 1 каңтарындағы жағдай боынша өзара талаптарды есепке алмағанда мемлекеттік борыш 2 триллион 39 миллиард, соның ішінде үкіметтік борыш 1 триллион 618 миллиард теңге болды. Үкіметтік борыштың құрылымында ішкі борыш 1 тириллион 289 миллиард теңгені, сыртқы борыш 329 миллиард теңгені құрайды.

Мемлекеттік борыштың болуы мезгілі келген пайыздарды және борыштық міндеттемелерді өтеуді төлеу жөніндегі жыл сайынғы шығындарды қажет етеді, олар мемлекеттік борышты басқару жөніндегі шығындар деп аталады.

Қазақстан Республикасының үкіметтік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Қаржы министрлігі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңында көзделген қаражат есебінен Ұлттық банк арқылы, Ұлттық банктің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Ұлттық банк өзінің билігіндегіактивтер есебінен, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді ол тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен Ұлттық банктің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органның қарыздарына қызмет көрсету үшін тартылатын екінші деңгей банктері арқылы жүзеге асырылады.

Барлық мемлекеттік қарыздар Үкімет белгілеген тәртіппен Қаржы министрлігінде тіркеліп, есепке алынуға тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын есепке алу үшін Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдар келісілген тәртіппен Қаржы министрлігіне өз қарыздарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетілуі және өтелуі туралы ақпарат тапсырып отырады.

Қазақстан Республикасынын Үкіметі республикалық бюджеттің қаражатымен қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету, Ұлттық банк өзінің билігіндегі барлық активтермен қамтамасыз етілетін Ұлттық банктің борышын өтеу және оған қызмет көрсету, жергілікті атқарушы орган билігінде тұрған меншік құқығындағы мүлікпен, қаржылық ресурстармен және басқа активтермен қамтамасыз етілетін өз борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді атқарады.

Борыштың негізгі сомасы қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық көлемінде төленген жағдайда мемлекеттік борыш өтелген болып саналады.

Похожие материалы