Банкоматтың төлем картасын жұтып қоюы жиі болмаса да әркімнің басынан өтетін жайт. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Төлем картаңызды банкоматтың жұтып қою себебі:
- Құпия санды 3 реттен артық қате терсеңіз жұтып қоюы мүмкін. (Бұл жағдайда банкомат сізді өзгенің төлем картасын пайдаланып тұрған алаяқ деп ұғады).
- Ұзақ уақыт төлем картаңызды қабылдағыштан алмасаңыз (банкомат сізді картасын ұмытып кетті деп шешеді).
- Егер де сіздің төлем картаңыздың жарамдылық мерзімі аяқталса.
- Банкоматтың уақытша бұзылуының әсерінен.
- Картаңыз қандай да бір себептермен бұғатталған жағдайда.
- Банкомат экранында нұсқаулар дұрыс орындалмаған жағдайда төлем картаны жұтып қоюы мүмкін.
Не істеу керек?
- Үрейленбеңіз. Төлем картаңыз жұтылғанымен ішіндегі ақшаны «жұтып» қоймайды. Картаны шығарған банкке хабарласып, картаңызды уақытша бұғаттаңыз және картаңызды банкоматтың «жұтып қойғанын» хабарлаңыз. Егер картаңыз басқа банктікі, банкомат басқа банктікі болса екеуіне де хабарласуға тура келеді.
- Картаңызды жұтқан банкоматтың иесі болып саналатын банкке хабарласып, (телефон нөмірлері банкоматта көрсетіліп тұрады) картаңызды қалай, қай жерден алатыңызды анықтаңыз. Банк менеджері аталған банкоматта инкассация қашан жасалатыны, қанша уақыттан кейін, қай бөлімшеден алып кетуге болатынын айтады. Әдетте бұл 2 аптадай уақытты алады. Егер картаңыз банктің филиалының ішінде жұтылса, банк қызметкерлері сол мезетте картаңызды алып беруі мүмкін (қолыңызда жеке куәлігіңіз болуы қажет).
- Егер сіз шет елде жүргенде төлем картаңыз жұтылса, банкке қоңырау шалып, бұғаттауын өтініңіз. Сондай-ақ, шет елге шықпай тұрып төлем жүйесіндегі картаңыздың қосымша түрін жасатыңыз (біріншісі - VISA болса, екіншісі - MasterCard). Егер бірі жұтылған жағдайда екінші түрін қолдана аласыз.
- Үнемі картаңыздың иесі болып саналатын банктің нөмірін телефоныңызда сақтап жүріңіз. Кез келген жағдайда жылдам хабар беру үшін көп қиналмайсыз.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024