Алматы. 17 қазан. 7kun.kz - "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ 2018 жылы жекешелендіру көзделген деп мәлімдеді "Бәйтерек" ұлттық холдингісі төрағасының орынбасары Айдар Арифханов.
Айдар Арифхановың сөзінше, әлеуетті инвесторлар мен серіктестердің тізімі жасалған.
"Жекешелендіруді 2018 жылдың екінші жартысында аяқтау жоспарланған. Мүдделі инвесторлармен толық келіссөздер жүргізіледі және келісімге қатысуға ниеттер туралы индикативтік ұсыныстар алынады. Біз қаржылық қызметтер мен ипотекалық несиелендіру нарығындағы жетекші халықаралық инвесторларды тартқымыз келеді. Негізгі мақсатымыз - банктің қызметінің тиімділігін арттыру және озық технологиялар мен жаңа банк өнімдерін енгізу", - дейді ол.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін енгізетін жалғыз банк. Банктің жалғыз акционері — "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024