Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2018 жылы жекешелендірілуі мүмкін

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2018 жылы жекешелендірілуі мүмкін

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz - "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ 2018 жылы жекешелендіру көзделген деп мәлімдеді "Бәйтерек" ұлттық холдингісі төрағасының орынбасары Айдар Арифханов.

Айдар Арифхановың сөзінше, әлеуетті инвесторлар мен серіктестердің тізімі жасалған.

"Жекешелендіруді 2018 жылдың екінші жартысында аяқтау жоспарланған. Мүдделі инвесторлармен толық келіссөздер жүргізіледі және келісімге қатысуға ниеттер туралы индикативтік ұсыныстар алынады. Біз қаржылық қызметтер мен ипотекалық несиелендіру нарығындағы жетекші халықаралық инвесторларды тартқымыз келеді. Негізгі мақсатымыз - банктің қызметінің тиімділігін арттыру және озық технологиялар мен жаңа банк өнімдерін енгізу", - дейді ол.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін енгізетін жалғыз банк. Банктің жалғыз акционері — "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі.

 

Похожие материалы