Экономика
Балалардың қаржылық сауаттылығын арттыратын қазақ тіліндегі тұңғыш кітап жарыққа шықты

Бүгін С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында "Бай балақай" атты балалардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған кітаптың таныстырылымы өтті.
«Бай балақай» кітабы – қаржылық сауаттылық көтерудің әліппесі болып табылады. Ол балалардың болашақта өз қаражатын тиімді басқарып, орынды жұмсауына үйретеді. Есеп шығару қабілетін шыңдап, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай білуге тәрбиелейді. Кітап 4000 данамен жарыққа шыққан. Қаржы әліппесінің теориясымен қатар, балалардың өз білімін тексеруіне арналған тәжірибелік тапсырмалар, есептер, қаржылық ойындармен қамтылған.

Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025