Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 21 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 334,59 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,60 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 335,40, сауданың аяқталуы кезінде 333,70 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 164 млн 800 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 249. Ақша айырбастау орындарында 21 желтоқсандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 336,60 теңгені құраған.