Алматы. 13 шілде. 7kun.kz — Таңғы сессия: 1 доллар үшін - 344,21 теңге. Нәтижесінде 13 шілдедегі доллардың орташа бағамы 344,21 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 344,10 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 344,35 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 344,20 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 64 млн 550 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 121.
Ақша айырбастау орындарында 13 шілдедегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.00) Алматыда 345,6 теңгені құраған.