International Data Corporation (IDC) аналитикалық компаниясы дүниежүзілік тағылатын электроника нарығы бойынша кезекті есебін жариялады. Сарапшылардың деректеріне сүйенсек, осы жылдың І тоқсанында дүние жүзі бойынша вендорлар шамамен 11,4 млн тағылатын гаджет сатқан, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 200%-ға жоғары.
Нарықтың 40%-ы құны 100 доллардан төмен құрылғыларға тиесілі. Сарапшылардың айтуынша, жақында ғана Apple Watch-тың нарыққа шығуына байланысты, тұтынушылардың беделді бренд үшін көбірек ақша төлеуге даярлағын тексеретін мүмкіндік туды. Саланың көш басында бұрынғыша фитнес-трекерлерді шығаратын Fitbit компаниясы. 2015 жылдың І тоқсанында бұл компания нарыққа 3,9 млн құрылғы жеткізген, осылайша олар 2014 жылғы деңгейін 129%-ға арттырып отыр. Алайда бір жыл ішінде компанияның нарықтық үлесі 44,7%-дан 34,2%-ға дейін қысқарды. Fitbit позицияларының төмендеуіне қытайлық брендтер, атап айтқанда Xiaomi танымалдығының артуы себеп болды. Осы жылдың алғашқы үш айының ішінде бұл өндіруші 2,8 млн Mi Band смарт-білезігін шығарған, бұл жалпы нарықтың 24,6%-ы. Қызығы, бір жыл бұрын Xiaomi бұл нарықтың қатысушысы болмаған, бұл жас қытайлық компанияның жаңа серпілісін білдіреді. IDC нұсқасы бойынша үздік үштікке Garmin компанияы енді. Бұл компания өткен тоқсанда 700 мың құрылғы шығарған, бұл өткен жылмен алыстырғанда 133%-ға жоғары көрсеткіш.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024