Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz - Тамыз айының қорытындысы бойынша, жылу және сумен қамту, электр қуаты, газ бен өзге де коммуналды қызмет түріне баға 5 пайызға қымбаттады.
Атап айтсақ, үйді күтіп ұстау құны 8,4 пайызға, қоқыс шығару 4,8 пайызға қымбаттаған. Ең көп баға өсімі сумен қамту және кәріз жүйелерінде байқалдын. Оның ішінде суық су құны 2016 жылдың тамызымен салыстырғанда 10,5 пайызға өсті. Ал ыстық су тарифы 3,5 пайызға, кәріз жүйесі 9 пайызға қымбаттады.
Орталық жылыту құны 3,5 пайызға, табиғи газ бағасы 4,8 пайызға артты. Ал электр қуаты 9,7 пайызға өскен.
Еске салсақ, өткен апта мемлекет басшысы үкіметке коммуналды қызмет құнын батыл көтере беруді бұйырған еді. Президенттің айтуынша, сонда ғана осы салаға шетелдік инвесторларды тарту мүмкін болады.
Дереккөз: naryk.kz
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024