Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тамызда коммуналдық қызмет ақысы қымбаттады

Тамызда коммуналдық қызмет ақысы қымбаттады

Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz - Тамыз айының қорытындысы бойынша, жылу және сумен қамту, электр қуаты, газ бен өзге де коммуналды қызмет түріне баға 5 пайызға қымбаттады.

Атап айтсақ, үйді күтіп ұстау құны 8,4 пайызға, қоқыс шығару 4,8 пайызға қымбаттаған. Ең көп баға өсімі сумен қамту және кәріз жүйелерінде байқалдын. Оның ішінде суық су құны 2016 жылдың тамызымен салыстырғанда 10,5 пайызға өсті. Ал ыстық су тарифы 3,5 пайызға, кәріз жүйесі 9 пайызға қымбаттады.

Орталық жылыту құны 3,5 пайызға, табиғи газ бағасы 4,8 пайызға артты. Ал электр қуаты 9,7 пайызға өскен.

Еске салсақ, өткен апта мемлекет басшысы үкіметке коммуналды қызмет құнын батыл көтере беруді бұйырған еді. Президенттің айтуынша, сонда ғана осы салаға шетелдік инвесторларды тарту мүмкін болады.

Дереккөз:  naryk.kz

Похожие материалы