Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы саудада теңге нығайды

Таңғы саудада теңге нығайды

Алматы. 20 қараша. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 364,44 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (367,40 теңге / $1) ұлттық валюта 2,96 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 363,70 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 366 теңге, жабылу курсы бір долларға 365,10 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 96 млн 900 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 184.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 369 теңге, Алматыда – 369,5 теңге.

Похожие материалы