Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 375,49 теңгені құрады. 15 наурыздағы таңғы сессиямен салыстырғанда (378,20 теңге/$1) ұлттық валюта 2,71 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 374,90 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 376,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 375,45 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 119 млн 660 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 178.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 377,5 теңге, Алматыда – 378 теңге.
Ұлттық Банктің 18 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,51 теңгені құрайды.