Экономика
Авто
Таңертеңгілік сессия: доллар 368,91 теңгеге көтерілді
2015 жылдың 2 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бұл туралы биржа сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, таңертеңгілік сессияда АҚШ долларының минималды курсы 362,93 теңге болды. Максималды курс — 370 теңге. Сессия жабылу кезінде доллар бағамы 369 теңгені құрады.
KASE мәліметі бойынша, долларға қатысты сауда көлемі — 19 млн 550 мың доллар. Валютамен жасалған келісімдер саны — 39. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 17 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 368,91 теңгені (+8,46 теңге), ал сауда-саттық көлемі – 19 550 мың АҚШ долларын (-14 750 мың USD) құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 55,7400 теңгені (+1,2500 теңге), сауда-саттық көлемі – 200 мың юаньді юаней (+100 мың юанді) құрады.
Фото: vlast.kz