Экономика
Таңғы сессия: доллар бағамы 336,66 теңге
Қазақстан қор биржасының (KASE) 22 желтоқсандағы таңғы сессиясы кезінде доллардың орташа курсы 336,66 теңге болды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, таңғы сессияда АҚШ долларының минималды курсы 333,15 теңге болды. Максималды курс - 345 теңге. Сессия жабылу кезінде доллар бағамы 333,29 теңгені құрады.
KASE мәліметі бойынша, долларға қатысты сауда көлемі - 146 млн 780 мың доллар. Валютамен жасалған келісімдер саны - 27.
22 желтоқсандағы доллардың ресми бағамы 349,12 теңгені құрайды. Ал 23 желтоқсанға арналған ресми бағам 336,66 теңге болады.