Алматы. 1 маусым. 7kun.kz – 2016 жылдың 1 маусымында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 336,67 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минимал курсы 335,50 теңгені құрады. Максимал курс — 336,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 336,78 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 71 млн 50 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 117.
Ақша айырбастау орындарында 31 мамырдағы доллардың максимал курсы — 337,5теңге (Алматы уақытымен – 11:30).
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.