Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Танымал балерина Майя Плисецкая қайтыс болды

Танымал балерина Майя Плисецкая қайтыс болды

Германияда 89 жасында ресейлік балерина Майя Плисецкая қайтыс болды деп хабарлайды Мәскеудегі Үлкен театрдың бас директоры Владимир Урин.

Уриннің сөзінше, оған әртістің 57 жыл бірге өмір сүрген күйеуі Родион Щедрин хабарласқан. Өлімге ауыр жүрек талмасы себеп болған.

"Бір бір апта бұрын әртіспен кездесіп, оның 90 жылдығына арналған мерейтойды қалай өткізу жайын талқыладық. Ол қалжыңдасып отырған еді, бірақ аяқ астынан ұлы балеринаның жүрегі тоқтап қалды", - деп мәлімдеді Урин Риа-Новости агенттігіне.

Ресей президенті Владимир Путин әртістің жақындары мен отбасына көңіл айтты. Владимир Уриннің хабарлауынша, Майя Плисецкаяның 90 жылдық мерейтойы 20 қараша күні Үлкен театрда өтеді.

Майя Плисецкая 1925 жылы 20 қарашада Мәскеуде туылған. Ол "Аққу көліндегі" Одетта-Одилия, "Ұйқыдағы арудағы" (1961) Аврораның, "Тас гүліндегі" кен тауының Ханшайымы және т.б. ролдері арқылы әлемдік балет өнерінде танымал болды.

 

Похожие материалы