Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz – Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.
«Тергеу нәтижесінде 2021 жылы Тараз қаласының жер комиссиясының шешімімен Тараз қаласының тұрғынына шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесін жалпы ауданы 3,56 гектар болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған басқа 2 жер учаскесіне өтеусіз ауыстыру жүргізілгені анықталды. Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру нәтижесінде мемлекетке 159 миллион теңге көлемінде залал келтірілді», - делінген хабарламада.
Агенттік мәліметінше, тергеу барысында Тараз қаласы Жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және аталған бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі ұсталып, Тараз қаласы сотының санкциясымен қамауға алынған.
Тергеу жалғасуда.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024