Иван Таврин мен Әлішер Усмановқа тиесілі ЮТВ холдингі СТС компаниясының Ресей мен Қазақстандағы операциялық активтерінің 75%-ын сатып алу туралы ұсынысын бағыттады.
ЮТВ берешектерді ескермегенде, бос ақшалай қаражаттың күшімен (cash- and debt-free basis) СТС-тегі үлесті 200 млн долларға сатып алуды жоспарлап отыр. ЮТВ холдингінің ұсынысы келіп түскен жағдайда швециялық Modern Times Group (MTG) өзіне тиесілі СТС Media-ның 37,9% акциясын сатуға әзір екенін мәлімдеді. СТС, "Домашний" және "Перец" эфирлік арналарына иелік ететін CTC Media - Ресейдегі жалғыз жария медиа-компания, оның акциялары Американың Nasdaq биржасында сатылады, free float шамамен 36%. Айта кететін жайт, 2014 жылдың аяғында РФ билігі заңға өзгерту енгізіп, шетелдіктерге ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының 20%-нан артық үлесті иемденуге тыйым салған болатын. СТС Медиа 2016 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей осы шектеулерге сәйкес болуы тиіс. Дүйсенбі күні СТС-тың бір акциясының құны $2,2 болды, компанияның капиталданыдырылуы - $339 млн.Похожие материалы
Финансы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025
Финансы
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





