Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таврин мен Усмановтың холдингі СТС Media үлесін сатып алады

Таврин мен Усмановтың холдингі СТС Media үлесін сатып алады

Иван Таврин мен Әлішер Усмановқа тиесілі ЮТВ холдингі СТС компаниясының Ресей мен Қазақстандағы операциялық активтерінің 75%-ын сатып алу туралы ұсынысын бағыттады.

ЮТВ берешектерді ескермегенде, бос ақшалай қаражаттың күшімен (cash- and debt-free basis) СТС-тегі үлесті 200 млн долларға сатып алуды жоспарлап отыр. ЮТВ холдингінің ұсынысы келіп түскен жағдайда швециялық Modern Times Group (MTG) өзіне тиесілі СТС Media-ның 37,9% акциясын сатуға әзір екенін мәлімдеді. СТС, "Домашний" және "Перец" эфирлік арналарына иелік ететін CTC Media - Ресейдегі жалғыз жария медиа-компания, оның акциялары Американың Nasdaq биржасында сатылады, free float шамамен 36%. Айта кететін жайт, 2014 жылдың аяғында РФ билігі заңға өзгерту енгізіп, шетелдіктерге ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының 20%-нан артық үлесті иемденуге тыйым салған болатын. СТС Медиа 2016 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей осы шектеулерге сәйкес болуы тиіс. Дүйсенбі күні СТС-тың бір акциясының құны $2,2 болды, компанияның капиталданыдырылуы - $339 млн.

Похожие материалы