Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге нығая түсті

Теңге нығая түсті

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде  19 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 325,89 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 325,63 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 327 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 325,71 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 113 млн 100 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 196.

Ақша айырбастау орындарында 19 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 328 теңгені құраған.

Похожие материалы