Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,3 пайызға нығайды

Теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,3 пайызға нығайды

Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz - 25 мамырдағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,3%-ға (328,31-ден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 327,42 теңге деңгейінде қалыптасты.

Дамушы елдер валюталары бағамдарының АҚШ долларына қатысты серпіні былайша қалыптасты:

  • Түрік лирасы аптаның басында рекордтық төмендеуді көрсете отырып 5,1%-ға (4,49-ден 4,72-ға дейін) әлсіреді, ол инвесторлардың нарықтан шығуына байланысты. Лираның құлдырауы және инфляцияның сәуірде 10,85% мәнге жетуі аясында Түркияның Орталық банкі кезектен тыс жиналыста басқа мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдыра отырып, кеш қарыз алу мөлшерлемесін 3%-дан 16,5%-ға дейін көтерді. Президент Р.Т. Эрдоганның инфляцияның өсуін тежеу бойынша шаралар қабылдауға және валютаны әлсіретуге қатысты мәлімдемесін нарық әр түрлі бағалауда. Талдаушылардың пікірі бойынша инфляцияны бұдан әрі көтеру, ағымдағы шот дефицитінің және елдің тәуелсіз рейтингісін төмендету тәуекелі шетелдік инвестициялардың әкетілуін жалғастыруы мүмкін.
  • Индонезия рупиясы 0,2%-ға (14 156-ден 14 125-ке дейін) нығайды.
  • Ресей рублі 0,2%-ға (62,36-ден 62,22-ге дейін) нығайды. үнді рупиясы 0,4%-ға (68,01-ден 67,77-ге дейін) нығайды.
  • Оңтүстік Африка ранды Оңтүстік Африка Резервтік банкінің базалық мөлшерлемені 6,5% деңгейінде сақтауы, сол сияқты тұтынушылық бағалар индексінің өсуін (4,5%) жариялау аясында 2%-ға (12,76-ден 12,5-ке дейін) нығайды, бұл реттеушінің инфляцияның нысаналы 3-6% деңгейіне сәйкес келеді.
  • Мексика песосы Еркін сауда туралы Солтүстік Атлант келісімін (НАФТА) қайта қарау бойынша келісімге қол жеткізу мүмкіндігіне қатысты оптимизм аясында 2,1%-ға (19,95-ден 19,54-ке дейін) нығайды.
  • Бразилия реалы Бразилия Орталық банкінің мамырдағы отырысы хаттамасын жариялау аясында 2,4%-ға (3,74-ден 3,65-ке дейін) нығайды, онда нысаналы мөлшерлеменің төмендеуі қолайсыз жаһандық экономикалық жағдай аясында тоқтата тұрылды деп түсіндірілген.

Похожие материалы