Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz — Теңгенің құнсыздануы биылғы жылдың қорытындысы бойынша 0,1 пайызды құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Теңгенің құнсыздануы жыл қорытындысы бойынша 7 пайызды құрады. Сегіз айда азық-түлік бағасы 3,6 пайызға, қызмет көрсету бағасы 4 пайызға көтерілген.
Жылдың басында картоп – 17,3%, қой еті – 12%, cиыр еті – 11,2%, кондитерлік өнімдер – 7%, жылқы еті – 6,6%, өсімдік майы – 6,5%, жеміс-жидек – 2,4%, қияр – 68,6%, қызанақ - 55,2%, сарымсақ – 23,2%, тәтті бұрыш – 17,9%, күнбағыс майы –10,4 пайызға қымбаттаған.
Кеңсе тауарлары 8,4%, керамикалық және шыны өнімдері – 7%, жеңіл көлік – 5,5%, дәрі-дәрмек – 3,8%, газет пен журналдар – 5,1%, кітаптар – 4,9%, мата – 4,3%, аяқ-киімдер – 4,2%, жеке тұрмыстық заттар – 3,5%, дизелдік отын – 9,3 пайызға қымбаттаса, газ баллоны – 7,7%, бензин бағасы – 5,7 пайызға төмендеген.
Автокөлікті сақтандыру бағасы – 7%, денсаулық сақтау қызметі – 5,1%, демалыс орындары, сауықтыру қызметі –3% пайызға өссе, әуе көлігі – 36,5%, қалааралық қатынау – 4,4%, темір жол көлігі - 0,4 пайызға төмендеген.
Тұрғын үйдің коммуналдық тарифтерінің ішіндегі су құбырларын тазалау – 9,6%, орталық жылу – 7,3%, суық су – 5,7%, газ – 4,8%, электр энергиясы – 3,8%, ыстық су – 3,6 пайызға көтерілген.
Теңгенің құнсыздануы 2016 жылдың қорытындысы бойынша 8,5 пайызды құраған еді.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024