Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңгенің құнсыздануы 0,1 пайызды құрады

Теңгенің құнсыздануы 0,1 пайызды құрады

Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz — Теңгенің құнсыздануы биылғы жылдың қорытындысы бойынша 0,1 пайызды құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Теңгенің құнсыздануы жыл қорытындысы бойынша 7 пайызды құрады. Сегіз айда азық-түлік бағасы 3,6 пайызға, қызмет көрсету бағасы 4 пайызға көтерілген.

Жылдың басында картоп – 17,3%,  қой еті – 12%,  cиыр еті – 11,2%, кондитерлік өнімдер – 7%, жылқы еті – 6,6%, өсімдік майы – 6,5%, жеміс-жидек – 2,4%, қияр – 68,6%, қызанақ -  55,2%, сарымсақ – 23,2%, тәтті бұрыш – 17,9%,  күнбағыс майы –10,4 пайызға қымбаттаған.

Кеңсе тауарлары 8,4%, керамикалық және шыны өнімдері – 7%, жеңіл көлік – 5,5%, дәрі-дәрмек – 3,8%, газет пен журналдар – 5,1%, кітаптар – 4,9%, мата – 4,3%, аяқ-киімдер – 4,2%, жеке тұрмыстық заттар – 3,5%, дизелдік отын – 9,3 пайызға қымбаттаса, газ баллоны – 7,7%, бензин бағасы – 5,7 пайызға төмендеген.

Автокөлікті сақтандыру бағасы – 7%, денсаулық сақтау қызметі – 5,1%, демалыс орындары, сауықтыру қызметі –3% пайызға өссе, әуе көлігі – 36,5%, қалааралық қатынау – 4,4%, темір жол көлігі - 0,4 пайызға төмендеген.

Тұрғын үйдің коммуналдық тарифтерінің ішіндегі су құбырларын тазалау – 9,6%, орталық жылу – 7,3%, суық су – 5,7%, газ – 4,8%, электр энергиясы – 3,8%, ыстық су – 3,6 пайызға көтерілген.

Теңгенің құнсыздануы 2016 жылдың қорытындысы бойынша 8,5 пайызды құраған еді.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы