Бұл қызметке «Tele2 Россия» компаниясының маркетинг және өнімдерді дамыту жөніндегі директоры Роман Володин келеді деп күтілуде. Ол Қазақстандағы қызметіне 16 ақпаннан бастап кіріспек.
"Бұл Tele2-нің әдеттегі тағайындауларының бірі. 16 ақпаннан бастап Роман Володин Tele2-нің басқарма төрағасы болады. Ол 2013 жылдан бері басқарма төраға қызметін атқарған Пиетари Кивикконың орнына келеді. Романның телекоммуникация саласында тәжірибесі мол, сондай-ақ ол соңғы жылдары Tele2 компаниясында өнімді дамыту бөлімінің директоры қызметін атқарып келді. Пиетари Қазақстанда 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр" ,- деп хабарлады Tele2 Қазақстан баспасөз қызметі. Роман Володин 1977 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ол 1999 жылы «Маркетинг» мамандығы бойынша Мемлекеттік басқару университетін бітірді. 1999 - 2002 жылдар аралығында ол "Нэтвэй" тіркелген байланыс операторының коммерциялық бөлімінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2002 - 2005 жылдары Мобильді Тележүйеде тарифтік саясат басшысы лауазымында жұмыс істеді. 2005 жылы Tele2 компаниясында өнімдерді дамыту жөніндегі директоры болып тағайындалды. 2013-2015 жылдары Tele2-нің коммерциялық директоры қызметін атқарды. 2015 жылдың қыркүйек айында Tele2-нің маркетинг және өнімдерді дамыту бөлімінің директоры болды. Фото: kapital.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024