Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Tele2 Kazakhstan компаниясының басқарма төрағасы ауысады

Tele2 Kazakhstan компаниясының басқарма төрағасы ауысады

Бұл қызметке «Tele2 Россия» компаниясының маркетинг және өнімдерді дамыту жөніндегі директоры Роман Володин келеді деп күтілуде. Ол Қазақстандағы қызметіне 16 ақпаннан бастап кіріспек.

"Бұл Tele2-нің әдеттегі тағайындауларының бірі. 16 ақпаннан бастап Роман Володин Tele2-нің басқарма төрағасы болады. Ол 2013 жылдан бері басқарма төраға қызметін атқарған Пиетари Кивикконың орнына келеді. Романның телекоммуникация саласында тәжірибесі мол, сондай-ақ ол соңғы жылдары Tele2 компаниясында өнімді дамыту бөлімінің директоры қызметін атқарып келді. Пиетари Қазақстанда 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр" ,- деп хабарлады Tele2 Қазақстан баспасөз қызметі. Роман Володин 1977 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ол 1999 жылы  «Маркетинг» мамандығы бойынша Мемлекеттік басқару университетін бітірді. 1999 - 2002 жылдар аралығында ол "Нэтвэй" тіркелген байланыс операторының коммерциялық бөлімінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2002 - 2005 жылдары Мобильді Тележүйеде тарифтік саясат басшысы лауазымында жұмыс істеді. 2005 жылы Tele2 компаниясында өнімдерді дамыту жөніндегі директоры болып тағайындалды.  2013-2015 жылдары Tele2-нің коммерциялық директоры қызметін атқарды. 2015 жылдың қыркүйек айында Tele2-нің маркетинг және өнімдерді дамыту бөлімінің директоры болды. Фото: kapital.kz

Похожие материалы