
Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz - Telegram-ды құрушы Павел Дуров осы аптада мессенджерді қолданушылар саны күн сайын 700 мың адамға артып келетінін айтты.
«Осы аптада Telegram-ға күн сайын 700 мың жаңа пайдаланушылар тіркеліп жатыр. Аудиторияның өсуі көптеген нарықтарда 2017 жылмен салыстырғанда 70 пайызға асты», - дейді Дуров өзінің Telegram-каналында.
2017 жылдың тамыз айында Ресейде Telegram-ды бұғаттау бойынша туындаған шудан кейін Дуров аудиторияны күн сайын 600 мың адамға арттыратынын айтқан болатын.