Алматы. 19 мамыр. 7kun.kz - Telegram мессенджерінде онлайн-төлем жүйесі пайда болды. Бұл туралы мессенджердің ресми сайтында жарияланды.
Төлем Bot Payments боттарының көмегімен жүзеге асады.
"Егер сізде Telegram 4.0 немесе одан да жаңа нұсқасы орнатылған болса, сіз тауарларға тапсырыс бере аласыз немесе боттардың қызметін пайдалана аласыз. Ендігі кезекте бұл боттар өз хабарламаларына Pay батырмасын қоса алады", - делінген хабарламада.
Жарияланған релизде компания қазіргі уақытта барлық төлемнің Stripe жүйесі арқылы қабылданып жатқанын жеткізді. Алайда жақын күндері үндістандықтар шығарған RazorPay жүйесі арқылы Нигерия, Кения, Гана, Оңтүстік Африка және Уганда елдерінде FlutterWave жүйесі арқылы және 190-нан аса елде PaymentWall жүйесін арқылы төлем жасай алады.
Кейінірек YNDX ақша, Qiwi және Payme жүйесі Ресейде мен Өзбекстанда іске қосылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024