Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Темекі өндіруші компания британиялық үкіметпен соттаспақшы

Темекі өндіруші компания британиялық үкіметпен соттаспақшы

Темекі өндіруші British American Tobacco Plc (BAT)  наурыз айында Ұлыбританияда қабылдануы тиісті  темекіге қарсы жаңа заңға наразылық білдіріп, сотта өз мүдделерін дәлелдеп шықпақшы.

Келесі айда британиялық парламентте темекі өндіруші компанияларды  өнімдерін темекі шегудің салдарын бейнелейтін, логотипсіз бірдей қораптарда сатуға мәжбүрлейтін заң жобасына дауыс берілуі керек. Бұл заңды елдегі ең ірі 3 партияның өкілдері қолдап отыр, сондықтан келесі жылдан бастап күшіне енуі ммкін.

"Егер мұндай заң жобасы күшіне енер болса, біз оның үстінен сотта шағым түсіруге мәжбүр боламыз. Заң жобасы қабылданғаннан кейін сотқа көптеген арыз-талаптар түсуі мүмкін", -дейді BAT-тың ұжымдық және заңдық сұрақтары жөіндегі директоры Джером Абельман. Оның айтуынша өткен жылы компания табысы 3,12 млрд фунт стерлинг төмен түскен. Ұлттық валюталары құнсызданған Ресей, Жапония, Бразилия тәрізді елдерде сатудан алынған түсім 1,71 млрд фунтқа дейін азайған.

BAT - әлемдегі темекі нарығындағы көшбасшылардың бірі. Оны жалпы капиталы 70 млрд фунтқа бағаланады.

Ал Philip Morris және Japan Tobacco тәрізді ірі темекі өндіруші компаниялар сотқа шағым түсуір туралы ниеттерін әлі  білдірген жоқ.

 

Похожие материалы