Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 380,15 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (376,76 теңге / $1) ұлттық валюта 3,39 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,20 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380,70 теңге, жабылу курсы бір долларға 380,10 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 21 млн 100 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 53.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 382,5 теңге, Алматыда – 382 теңге.
Ұлттық Банктің 8 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 377,97 теңгені құрайды.