Алматы. 12 қараша. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 374,84 теңгені құрады. 9 қарашадағы таңғы сессиямен салыстырғанда (372,95 теңге / $1) ұлттық валюта 1,89 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 373,6 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 375,8 теңге, жабылу курсы бір долларға 374,5 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 44 млн 550 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 104.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:17 де 376 теңге, Алматыда – 377 теңге.