Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 384,77 теңгені құрады. 18 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда (384,17 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,60 теңгеге әлсіреді.
Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 386,5 теңге, Алматыда — 387 теңге.
Ұлттық Банктің 19 желтоқсандағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 384,4 теңгені құрайды.