
Алматы. 31 қазан. 7kun.kz – Валюта нарығындағы теңге бағамы 2018 жылдың басынан 30 қазан аралығында бір АҚШ доллары үшін 368,55 теңгеге дейін 10,9%-ға әлсіреді, - деп мәлімдеді Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, теңгенің әлсіреуі сыртқы факторларға байланысты болды. Бұл АҚШ долларының дамушы елдердің валюталарына қатысты нығаюы және Ресейге қарсы санкциялардың болашақта қатаңдатылатыны туралы мәлімдемелер.
«Аталған бағамдық саясат алтынвалюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Ұлттық банкінің алтынвалюта резервтері қыркүйектің соңында 30 млрд АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері 56,3 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы халықаралық резервтер 86,3 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Данияр Ақышев.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025