Tengri Travelsystem туроператорының директоры Роман Хванға іздеу салынды деп хабарлайды инвестиция және даму министрлігіндегі туризм департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев.
"Іздеу жарияланды, тергеу әрекеттері жүргізілуде", -деді ол. Сондай-ақ, оның хабарлауынша, Air Astana әуекомпаниясы жұма күні Түркияда туроператорлардың кінәсінен қайта алмай қалған туристердің соңғы тобын алып қайтады. Осыған дейін туристік агенттіктің басшысы Р.Хванға қатысты полиция Қазақстанның ҚК-ның 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқандығын мәлімденген еді. Оның Еуропаға кетуі мүмкін деген болжам бар. Еске салайық, 3 маусымда Tengri Travelsystem туроператоры өзінің әрекетін тоқтататындығы жариялады. Мекеменің әрекетінен келген шығын 7-8 млн доллар деп бағаланып отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024