Экономика
Выбор редактора
Tengri Travelsystem туроператорының директорына іздеу жарияланды
Tengri Travelsystem туроператорының директоры Роман Хванға іздеу салынды деп хабарлайды инвестиция және даму министрлігіндегі туризм департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев.
"Іздеу жарияланды, тергеу әрекеттері жүргізілуде", -деді ол. Сондай-ақ, оның хабарлауынша, Air Astana әуекомпаниясы жұма күні Түркияда туроператорлардың кінәсінен қайта алмай қалған туристердің соңғы тобын алып қайтады. Осыған дейін туристік агенттіктің басшысы Р.Хванға қатысты полиция Қазақстанның ҚК-ның 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқандығын мәлімденген еді. Оның Еуропаға кетуі мүмкін деген
болжам бар.
Еске салайық, 3 маусымда Tengri Travelsystem туроператоры өзінің әрекетін тоқтататындығы жариялады. Мекеменің әрекетінен келген шығын 7-8 млн доллар деп
бағаланып отыр.