
2016 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 341,09 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 340,40 теңгені құрады. Максималды курс — 342,30 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 340,90 теңге болды.
Күндізгі сессияда сауда көлемі 63 млн 150 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 142.
7 сәуірдегі таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 341,19теңге болды. Осылайша 8 сәуірдегі ресми бағам —341,19 теңгені құрайды.
Ақша айырбастау орындарында доллардың 7 сәуірдегі максималды курсы 343,6 теңге (Алматы уақыты 15:30-да) деп белгіленген.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025