Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге нығаюын жалғастырды: 1 доллар - 327,41 теңге

Теңге нығаюын жалғастырды: 1 доллар - 327,41 теңге

2016 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 327,41 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 327,20 теңгені құрады. Максималды курс — 327,80 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 327,35 теңге болды.Таңғы сессияда сауда көлемі 114 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 245.

29 сәуірдегі таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 327,66 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында доллардың 27 сәуірдегі максималды курсы 331,6 теңге (Алматы уақыты 15:30-да) деп белгіленген.

Ақша айырбастау орындарында 29 сәуірдегі доллардың максималды курсы — 328 теңге (Алматы уақытымен 15:30).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы