Өткен аптада еліміздегі әлеуметтік шиеленістер мен барреліне 50 долларға жете алмаған Brent маркалы мұнайының әсерінен теңге құны долларға қатысты 2,58 пайызға әлсіреген болатын. Осылайша, өткен аптада Қазақстанның қор биржасында доллар құны, орта есеппен, 336,37 теңгені құрады. 25 маусымдағы курсқа сәйкес, 1 АҚШ долларын қазақстандықтар 336,48 теңгеге сатып алады.
"Forex club" компаниялар клубы сарапшысы Анатолий Ахметовтің айтуынша, осы аптада ұлттық валютамыздың долларға қатысты құны 335 пен 337 теңгеге аралығында құлдырауы мүмкін. Маманның айтуынша, бұл аптада мұнай құны біркелкі болып, нарықтағы бағасы барреліне 50 мен 47 доллар арасында болады. «Өткен аптада мұнай бағасы Федералды резерв жүйесінің отырысының хаттамасы мен нарықтағы мұнай қорының көбеюіне қарамастан, салыстырмалы түрде, жоғары шамада бекітілді», - дейді сарапшы. Дегенмен, Канада мұнайлы құмдарының маңында болған өрттен соң мұнайды қайта өндіре бастағанының әсерінен қара алтынның құны тұрақсызданады. Оның үстіне Иран да бір күнде алатын мұнай қорының көлемін 4 млн баррельге дейін арттырып жатыр. Долларға қатысты теңге құны баррель бағасына тікелей байланысты екенін ескерсек, мұнай қорының үздіксіз ұлғаюынан ұлттық валюта біршама әлсіреуі мүмкін. Ал «ФИНАМ» инвестициялық холдингінің сарапшысы Богдан Зварич «мұнай өңдеушілер нарыққа өз өнімін барреліне 50 долларға кіргізуге тырысып жатыр», – дейді. Маманның айтуынша, барлығы да АҚШ-тың нарыққа қанша мұнай қорын кіргізетініне тікелей байланысты. Осы тұста айта кетейік, алдыңғы аптада Солтүстік Америка мен Африкадағы мұнай өндірушілер мұнай бағасын барреліне 50 долларға көтеріп жіберген болатын. Алайда ирандық қара алтын қорының қайта артуының әсерінен баға барреліне 48 долларға қайта тұрақтады. Өзге елдер өндіретін мұнайдың көлемін арттырғанымен, «Goldman Sachs» инвестициялық банкі бірнеше фактор әсерінен күніне 71 мың баррельге дейін мұнай тапшылығы туындайды деп болжайды. Оған Нигериядағы радикалды топтардың мұнай тасымалдауға кедергі келтіретін жиі шабуылы, италиялық Валь Д'Агри кенішіндегі жөндеу жұмыстары, Бразилиядағы Барракуда, Каратинга платформаларындағы өрт, Бағдадтың Түркияға демаршы мен колумбиялық Каньо-Лимон – Ковеньяс мұнай құбырындағы теракті сияқты факторлар нарықтағы мұнай қорының азаюына тікелей әсер етіп отыр. Аталған жайттарды ескерген Қатардың энергетика министрі, ОПЕК-тің қазіргі басшысы Мухаммед бен Салех ас-Сада «барреліне 65 доллар – әділетті баға» деп санайды. «Associated Press» басылымына берген сұхбатында министр мұнайға сұранысты жасанды азайту арқылы осындай көрсеткішке қол жеткізуге болатынын айтты. Енді 2 маусым күні ОПЕК-ке кірмейтін елдермен болатын кездесуде өндірілетін мұнай қорын төмендету жайлы мәмілеге келмесе, теңгенің долларға қатысты құны ары қарай да құлдырай бермек. Сонымен қатар, ұлттық валюта құны құлдырайды деп «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры да болжап отыр. Қордың Зерттеулер мен мағлұматтарды басқару департаментінің ашық есебінде «2016 жылы тұрақталады бір доллар құны 355 теңге шамасында тұрақталады» дейді.Аян ҚАЛМҰРАТ, "7"
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024