Выбор редактора
Tesla жаңа электр жүк көлігін 16 қарашада көрсетеді
Алматы. 10 қараша. 7kun.kz - Интернетте Tesla компаниясының жаңа өнімі, электр жүк көлігінің тизері пайда болды.
Жаңа электр жүк көлігінің ресми таныстырылымы 16 қараша күні АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан Хортон қаласында өтеді. Ал ресми таныстырылым бірінші 26 қазанға жоспарланғанымен, сосын оның уақытын өзгертті. Мамандардың айтуынша, жаңа автокөлікте бұған дейін шыққан Model 3 көлігіндегі бірнеше электромоторлармен жабдықталған. Электр жүк көлігі бір реттік қуат көзімен 320-480 шақырым жерді жүріп өте алады.
Сондай-ақ, компания жуық арада Model Y кроссоверін, пикап пен родстерді де шығармақ. Компания Model 3-ді жеткілікті көлемде шығара алмай жатыр.
Tesla - электр көліктерін шығаратын әлемдегі тұңғыш компания. Илон Маск компанияның негізін салған.
Бұған дейін Tesla-ға бәсекелес компаниялар өздеріне инвестор іздеген еді.