Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

The Spirit of Tengri мемлекеттік масштабтағы жобаға айналды - Вячеслав Ким

The Spirit of Tengri мемлекеттік масштабтағы жобаға айналды - Вячеслав Ким

Алматы. 19 мамыр. 7kun.kz — The Spirit of Tengri музыкалық этнофестивалі мемлекеттік ауқымдағы жобаға айналды. «Kaspi Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында осылай деді.

Биыл заманауи этникалық музыка фестивалі өзінің бес жылдық мерейтойын атап өтеді. Барлығының қалай басталғанын есіне алған Вячеслав Ким «бірінші жылдың өзінде The Spirit of Tengri өзін тек қалалық жоба ретінде ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның танылуына себеп бола алатын музыкалық фестиваль ретінде көрсете алды», — деп атап өтті.

"Бірінші фестивальдің өзінде біз бұл форматтың адамдарды тартатын көрдік. Осыдан-ақ серіктестігімізді жалғастыру керектігін түсіндік.  Tengri FM радиосының қызметкерлері жанын салып ұйымдастырғаны қуантады. Фестивальдің аяққа тұруы үшін бес жыл қажет болды. Ал қазір Ресейде, Венгрияда және басқа да мемлекеттерде The Spirit of Tengri фестивалінің көшірмелері бар. The Spirit of Tengri фестивалінің Қазақстанның аумағынан шыққанына да біраз болды және қазір ол мемлекеттік масштабтағы жоба айналған. Менің ойымша, мемлекет те Қазақстан мен Еуразияның кереметтерін паш ететін осындай жобаларға көңіл бөлуі керек", - деді Вячеслав Ким.

Ал  "Kaspi Bank"  АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің айтуынша, фестиваль компанияның құндылықтарымен сәйкес келетіндіктен оған қолдау көрсету туралы шешімге келген.

"Біздің команданың сервистер мен өнімдерді тамаша, ыңғайлы етіп жасаудағы мақсаты - адамдардың өмірін жеңілдету. Адам өмірін көркейтудің өзі музыкамен, керемет эмоция және қуанышпен байланысты емес пе?! Және бұл біздің компанияның құндылықтары мен идеологиясына тікелей байланысты. Сол себепті біз бұл фестивальге қуана қолдау көрсетіп келеміз. Сонымен бірге, әрбір алматылыққа осындай шараны тегін тамашалауына мүмкіндік бергенімізге қуанамыз", - деді Михаил Лотадзе.

Қазіргі таңда  The Spirit of Tengri фестивалі Еуразия бойынша этно-музыкалық стильде өткізілетін ең ауқымды шаралардың бірі. Тек 70 мың адам жинайтын Франция ғана алдымызда. Ал қазақстандық жобаға 20 мыңнан астам адам келеді.   The Spirit of Tengri фестивалінің ерекшеліктерінің бірі - музыкалық шара барысында қалыптасатын отбасылық атмосфера.

The Spirit of Tengri фестивалін ерекшелеп тұратын тек қана музыка емес, сонымен бірге шара барысындағы адамдардың белсенділігі де. Осылайша Республика сарайының алдындағы алаңда бұл жылы да қолөнершілер ауылы болады. Келгендер ол жерден әлемнің түкпір-түкпіріндегі шеберлердің туындыларын сатып ала алады. Сонымен бірге, онда фестивальді тамашаулауға келгендер үшін арнайы фуд-корт болады.

"Аспан астында өтетін бұл фестивалге келуші музыканттардың палитрасы жыл сайын артып келеді. Бұл ғажайыпқа толы екі күн ел есінде ұзақ сақталатын болады. Біз де аудиториямызға тамаша көңіл-күй сыйлайтын сол музыкалық мерекені асыға күтіп жүрміз", - деді Alash Media Group директоры Батыр Қазыбаев.

The Spirit of Tengri  Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында да ұйымдастырылады. Астана қаласы әкімшілігінің қолдауымен The Spirit of Astana және мәдениет министрлігімен бірігіп Nomad Way фестивалі ұйымдастырылады. Астана бұл фестивальді ұзақ жылдар бойы күтті. Көптеген адамдар осы фестивальді Астанада да өткізуімізді сұрап пікір қалдырып, хабарлама жолдады. Біз  The Spirit of Tengri астаналықтардың да көңілдерінен шығады деген үміттеміз. Одан кейін басқа қалаларда да өткіземіз. Құдай қаласа осы бигімізден таймай, The Spirit of Tengri  фестивалін елімізді танытатын мемлекеттік жобаға айналдырсақ деген мақсатымыз бар", - деді Қазыбаев.

The Spirit of Tengri фестивалі — мультимәдениетті жоба. Ол әлем елдеріндегі дәстүрлі әуендердің қазақ жерінде шырқалуына себеп болып отыр. Фестивалге төрт жыл ішінде әлемнің 30-дан астам елінен қатысушылар келген.

Фестивальдің бас серіктесі — Kaspi.kz. Фестиваль 2017 жылы 20-21 мамыр аралығында Республика сарайының алдындағы Абай алаңында open-air, яғни ашық форматта өтеді. Аталмыш шараға Алматы әкімдігі қолдауы көрсетіп отыр. Ал Фестивальге техникалық қолдау көрсететін — KZ Sound компаниясы. Кіру тегін.

Похожие материалы