Алматы. 22 шілде. 7kun.kz — Тимур Сүлейменов ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", - делінген Өкімде.
Сүлейменов Тимур Мұратұлы 1978 жылы 5 сәуірде туған. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Мэриленд университетін "Болашақ" бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі, "Қаржы" мамандығы бойынша бизнес магистрі дәрежесімен аяқтады. Ұлыбританиядағы алқалық бухгалтерлер мен аудиторлар Ассоциациясында сертификаттаудан өтті.
Еңбек жолын Алматы қаласындағы "Эрнст энд Янг Қазақстан" аудиторлық компаниясында бас кеңесші қызметінен бастаған, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ Салық есебі және салықтық жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеген.
2009-2010 жылдары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі.
2010-2012 жылдары - Экономикалық даму және сауда Вице-министрі.
2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін - Экономика және қаржы саясаты бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр).
2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін - ҚР Ұлттық экономика министрі.
2019 жылдың наурызында - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары.
2019 жылғы 22 наурыздан 22 шілдеге дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
22 шілдеден - Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.
Басқа лауазымдары: "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (03.2017); ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы өкілі (18.01.2017-28.09.2017)
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024