Алматы. 8 тамыз. 7kun.kz - Тоқтар Төлешовтің Rolls-Royce пен Bentley көліктері саудаға шығарылды. Gosreestr.kz сайтында сот шешімімен тәркіленген көліктердің суреттері жария болды.
Мемлекет пайдасына түскен мүліктерді ақшаға айналдыру мен есепке алу қорына сотталып кеткен Тоқтар Төлешовтің төрт автомобилі кірді. Бұл көліктер сайтқа тәркіленген мүліктерді мемлекеттік және заңды тұлғалардың балансына өткізіп, бекіту үшін салынған. Мемлекеттік мекемелер немесе заңды тұлғалар бұл көліктерге қызығушылық танытпаса, олар саудаға қойылады. Қазіргі уақытта gosreestr.kz сайтындағы электронды сауда алаңында сотталған бизнесменнің төрт көлігі тұр: 2005 жылғы Rolls-Royce, 2006 жылғы Bentley, 1992 жылғы Mitsubishi GT және 2006 жылғы GMC жол талғамайтын көлігі.
Bentley көлігінің бастапқы бағасы - 13 млн 703 мың теңге. Электронды саудаға қатысу үшін 2 млн 55 мың 450 теңге көлемінде кепіл жарна қажет. Сауда түрі - баға көтеріліп отырады.
Rolls-Royce маркалы көлік саудаға 40 млн 150 мың теңге бастапқы бағамен қойылған. Саудаға қатысу кепіл жарнасы - 6 млн 22 мың 500 теңге. Сауда түрі - баға көтеріліп отырады.
Mitsubishi GT электронды саудаға 1 млн 83 мың теңгемен шығарылған. Сауда түрі - баға көтеріліп отырады. Саудаға қатысу кепіл жарнасы - 162 мың 450 теңге.
GMC жол талғамайтын көлігінің бағасы - 6 млн 527 мың теңге. Сауда түрі - баға көтеріліп отырады. Саудаға қатысу кепіл жарнасы - 979 мың 50 теңге.
Gosreestr.kz сайтының мәліметінше, бұл лоттар бойынша сауда бүгін, 8 тамызда өтеді. Бұл көліктерді "Сараптау-консультациялық және бағалау мекемесі" ЖШС сарапшылары бағалаған. Бұл көліктерді ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті сатып жатыр.
Одан бөлек, мемлекеттік мүлік реестрі сайтында Төлешовтің тағы да тоғыз көлігі бар екен. Оларды да мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғалардың балансына өткізу мүмкін болып отыр. Ал егер ешкім қызықпаса, тәркіленген көліктер электронды саудаға шығарылады.
Еске салсақ, Төлешов билікті басып алу үшін жерге қатысты митингтерді ұйымдастырды деп айыпталып, қылмыстық іс қозғалды. Сот нәтижесі бойынша ол 21 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, сіздерге соңғы екі жылда сотталған шенеуніктер тізімін ұсынамыз.
Дереккөз: tengrinews.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024