Сұрақ: Менің банкте төленбеген кредитім бар. Сонымен қатар депозитім де бар. Банк төленбеген кредит үшін депозиттегі қаражатымды алуға құқылы ма?
Жауап: Иә, депозиттегі қаражатыңыздан тура сіз қарыз мөлшерде ала-алады. Бұл туралы несие шартында көрсетіледі. Егер несиені қайтару туралы Шарт орындалмаған жағдайда, Банк келесі іс-шараларды қолдануға құқылы: тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға, несие сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды, сонымен бірге сыйақыны (Клиент шарт бойынша міндеттемелерді тиісті түрде орындаған кезде өтеу кестесіне сәйкес несие бойынша есептелінуі тиіс сыйақыны қосқанда) төлеуді талап етуге; Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген шектеулерді қоса алғанда, Клиенттің кез келген банктік шоттарынан берешек сомасын өндіріп алуға. Бұл сіздің несие тарихыңызға әсер етеді. Сондықтан депозитте қаражатыңыз болса, берешегіңізді сол қаражат арқылы төлеп тастағаныңыз дұрыс.