Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түзету мекемесінде жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Алматы облысы Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-ге ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет», - делінген хабарламада.
Зардап шеккен сотталушылар тергеу мақсатында басқа мекемеге ауыстырылды. Сейсенбі күні ҚР ІІМ оқиғадан кейін Қазақстанның колониялары тексерістен өтетіндігін хабарлады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024