Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев Бас прокурорға тапсырма берді

Тоқаев Бас прокурорға тапсырма берді

Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түзету мекемесінде жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды. 

«Алматы облысы Заречное ауылындағы түзету мекемесінде (ТМ) жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. ТМ-нің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-ге ТМ жаңғырту тапсырылды. Азаматтық бақылауды күшейту қажет», - делінген хабарламада.

Зардап шеккен сотталушылар тергеу мақсатында басқа мекемеге ауыстырылды. Сейсенбі күні ҚР ІІМ оқиғадан кейін Қазақстанның колониялары тексерістен өтетіндігін хабарлады.

Похожие материалы