Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестиция 2,9 млрд теңгені құрап, 6,7%-ға өсті.
Инвестициялардың өсуі тау-кен өнеркәсібінде (28,2%-ға), жылжымайтын мүлікпен операцияларда (3,6%-ға), ауыл шаруашылығында (57,0%-ға ) және құрылыста (40,7%-ға) байқалды. Ал өңдеу өнеркәсібі (инвестициялардың 45,8%-ға төмендеуі), көтерме және бөлшек сауда (6,0%- ға), көлік қызметтері (35,2% - ға) сияқты салалардағы инвестиция көлемі төмендеді.
Салалық бөліністе инвестициялардың ең танымал бағыты - өнеркәсіп секторы, инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 68,3%-ға тең. Одан кейінгі орындарда - жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (12,2%), көлік қызметтері (6,9%) және ауыл шаруашылығы (3,0%).
Сондай-ақ, шығыстар бойынша қаражаттың ең көп бөлігі (39,9% үлесі) ғимараттар мен құрылыстарды салуға және күрделі жөндеуге бағытталады. Бұл ретте жабдықтар мен машиналарды сатып алуға – 32,2%, ал басқа шығындарға – 27,9% үлес тиесілі.
Аймақтар арасында жалпы инвестициялардың жартысына жуығы (46,1%) Атырау облысына жіберіледі. Қалған өңірлерде бұл көрсеткіш 10%-дан аспайды. Мәселен, Алматы қаласында инвестиция үлесі 6,6%-ды, Қарағанды облысында – 5,0%-ды, Шығыс Қазақстан облысында - 5,0%-ды, Шымкентте - 1,7%-ды құрайды.
Айта кетейік, инвестициялардың жалпы көлеміндегі ішкі инвестициялар үлесі 64,0%, ал сыртқы инвестициялар – 36,0% болды. Инвестициялардың басты көзі - кәсіпорындардың меншікті қаражаты.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024